Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері (Kaspersky Security Center Web Console)

Бұл бөлімде Басқару серверін жылдам іске қосу шеберінің жұмысы туралы ақпарат берілген.

Шеберге интернетке қатынасу керек. Басқару сервері интернетке қатынаса алмаса, шебердің барлық қадамдарын Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі арқылы қолмен орындау ұсынылады.

Kaspersky Security Center бағдарламасы, желіні қауіпсіздік қауіптерінен қорғауды қамтамасыз ететін орталықтандырылған басқару жүйесін құру үшін қажетті параметрлердің ең аз жиынтығын конфигурациялауға мүмкіндік береді. Бұл конфигурация бағдарламаны жылдам іске қосу шеберінде орындалады. Шебердің жұмысы барысында, сіз бағдарламаға келесі өзгерістерді енгізе аласыз:

Серверге бірінші рет қосылу кезінде Басқару серверін орнатқаннан кейін, бағдарлама автоматты түрде бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қосуды ұсынады. Сондай-ақ, бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін кез келген уақытта қолмен іске қоса аласыз.

Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін қолмен іске қосу үшін:

  1. Басты мәзірде Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Жалпы бөлімін таңдаңыз.

    Жылдам іске қосу шеберін қосуға сілтемесі бар басқару сервері терезесінің скриншоты.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі

  3. Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қосу түймесін басыңыз.

Шебер Басқару серверін бастапқы конфигурациялауды ұсынады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

Бұл бөлімде:

1-қадам. Интернетке қосылу параметрлерін көрсету

2-қадам. Талап етілетін жаңартуларды жүктеп алу

3-қадам. Қорғау үшін активтерді таңдау

4-қадам. Шифрлауды таңдау

5-қадам. Басқарылатын бағдарламалардың плагиндерін орнатуды конфигурациялау

6-қадам. Дистрибутивтерді жүктеу және орнату пакеттерін жасау

7-қадам. Kaspersky Security Network конфигурациялау

8-қадам. Бағдарламаны белсендіру тәсілін таңдау

9-қадам. Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартуларын басқару параметрлерін көрсету

10-қадам. Желі қорғанысының базалық конфигурациясын жасау

11-қадам. Электрондық пошта арқылы хабарландыруларды жіберу әдісін конфигурациялау

12-қадам. Желіде сауалнама өткізу

13-қадам. Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберінің жұмысын аяқтау

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату және бастапқы конфигурациялау

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу